«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы жалпыбілім беретін мектептерінің 2006-2007 ж.т. оқушылары (ұлдар) арасындағы «Былғары доп» облыстық турнирі. Спорттық қызметтің негізгі элементі- жарыстар

14.06.2019

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 10 - 13 маусымы күндері Атбасар қ.   «Локомотив» стадионында Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің 2006-2007 ж.т. оқушылары (ұлдар) арасында "Жастар" Спартакиадасы бағдарламасының  шеңберіндегі «Былғары  доп» облыстық турнирінің ақтық кезеңі өткізілді.     

 Турнирге Ақмола облысының 7 ауданынан (Атбасар ауданы, Жақсы ауданы, Қорғалжын ауданы, Бурабай ауданы, Зеренді ауданы, Ақкөл ауданы және  Степногорск қ.)  өңірлік жарыстардағы жеңімпаздары қатарынан көорінген  93оқушы қатысты.

Қатысушыларды Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы  дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры Ермұханов Аман Акылбаевич ,  Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы  Наймушина Наталья Георгиевналар жылы лебізбен қарсы алып,  барлық қатысушыларды жарыстардың басталуымен құттықтап, жетістіктер тіледі.  Турнирдің соңғы күнінде дене тәрбиесі, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  Исабаев Азамат Булатович марапаттау рәсімін өткізді. Жарыстардың қорытындысы  бойынша Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің 2006-2007 ж.т. оқушылары (ұлдар) арасында "Жастар" Спартакиадасы бағдарламасының  шеңберіндегі «Былғары  доп» облыстық турнирінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінгендер:

I орын – Атбасар ауданы;

II орын – Ақкөл  ауданы;

III орын –  Зеренді ауданы;

 Атбасар ауданы құрама командасының қақпашысы  Нарбутанов Асет турнир нәтижесінде Үздік ойыншы атанды. .

«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ ақтық жарыстарды  жақсы дайындағаны және  өткізгені үшін жақсы  №3 ОМ директоры Кизкенова  Г.А., БЖО директоры Уткербаева А.М., БЖСЖОМ ұжымына,  №3ОМ ТЖҰ  Ионина Ю.А.,  «Олимп» ДСК қосымша білім беру педагогы Кдрасов Р.М. және  учителю физической культуры СШ №3 ОМ дене тәрбиесі мұғалімі ТайлакбаевЕ.Ж.- алғыс білдіреді.

Просмотров: 688


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст