Текст
Бүгін №8 мектепте Алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Бүкіл мектеп мерекелік сапқа жиналды. Шақырылған қонақтар: Атбасар ауданының әкімі А.А.Қалжанов, білім бөлімінің басшысы Н.Г.Наймушина, ата-аналар комитетінің төрайымы С.Наукеева оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының басталуымен құттықтап,баршаға денсаулық, жаңа жетістіктер, баршаға сәттілік, шығармашылық табыс тіледі. Бұл мереке мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары мен жақын арада осы мектеп қабырғасынан аттағалы отырған түлектер үшін ерекше болды. Ата-аналар ақ жол тілеп, дәстүр бойынша шашу шашты. Түлектер 1-сынып оқушыларына сый-сияпат жасап, ән шырқады. Барлық оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды.