«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балғын шақ»

15.11.2019

Қараша айының 13 күні №1 «Қарлығаш» балабақшасында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Балғын шақ» атты байқау өтті.Байқау сағат 10 -да басталды. Балғын шаққа 23 бүлдіршін қатысты. Алғашқы ашылуын білім бөлімінің басшысы құттықтау сөзімен бастады.Кішкентай бүлдіршіндер бұл сәтті асыға күткен.№1 «Қарлығаш» сәби-бақшасы байқауға өте жақсы,тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұр. «Мен бақытты баламын» , «Ойдың көркі тіл, Тілдің көркі-сөз», «Шығармашылық байқау» атты үш кезеңнен тұрған байқау өте қызықты,көңілді өтті.Балалар қазақ тілінде ән айтып,өлең айтып,би билеп,шағын көріністер көрсетіп жатты.Бүлдіршіндермен бірге жанкүйер болып ата-аналары,әжелері келіп,бірге қызықтап,кішкентайларға қолдау көрсетті.Төрт сағатқа жалғасқан сайыстың қортындысын қазылар алқасы шығарды. Гран При иегері болып №5 «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушісі Аллахвердиев Ассавыр алды. 1 орынды «Родничок» балабақшасынан Утегенов Нурислам және №4 «Еркежан» балабақшасының тәрбиеленушісі Гармашов Богдан жеңіп алды. 2 орын Шуйскі орта мектебінің шағын орталығы Шадрина Кира және №2 орта мектебінің шағын орталығының тәрбиеленушісі Зейсина Евгения алса, 3 орынды төрт қатысушы алды олар:№1 «Қарлығаш» сәби-бақшасы Инкина Алена ,№7 орта мектебінің қатысушысы Мұбарақ Бахар, №1 орта мектебінің шағын орталығы Чорная Ирма,Есенгелді орта мектебінің шағын орталығы Серикова Еркежан.Қортындысы ретінде барлық бүлдіршіндерге белсенді қатысқаны үшін мақтау қағазы және де тәтті сыйлық торт Папушина Т.В., шоколад Тасмагамбетова Р.М. берілді.Кішкентай балаларымыздың балдай тәтті тілдерін естіп,тамашалап қонақтар,мұғалімдер,ата-аналар бір сергіп қалды.

Жибек Жандос

Просмотров: 1079


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст