«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім Министрінің еліміздің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарымен кездесуі

17.03.2023

2023 жылғы 14 наурыз күнгі Оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлымен Ақмола облысына қарасты Атбасар ауданы, Сепе ЖББМ-і, ШЖМ-нің директоры Сапаров Жандос Сұлтанбайұлының Республиканың педагогтарымен бірге ұйымдастырылған кездесуде сөйлеген сөзі: Армысыздар әлеумет, Құрметті әріптестер!Ассалаумағалайкум бүгінгі күннің ағартушы бірінші ұстазы, осы басқасу жиынының төрағасы оқу-ағарту минстрі Ғани Бектайұлы! Сөзімді ең әуелі адам болам десең - Абайды оқы, Абайды таны Абайды оқыған рухани бай жаннан тек қана жүректі, ақылды, қайратты мектептің педагогтарымен қатар өмірлік педагогтар да шығады деп есептеймін! Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі Амал, көрісу күнімен тұспа-тұс келген жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағына бастау алған, жаңаруға келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізді тағы да жауапкершілігі мол қызметіңіз, жаңа белесіңізбен құттықтай отырып, өзіме белгіленген уақытты үнемді пайдаланып, көптің көңілінде жүрген көкейкесті мәселелердің егер де заң шеберінен аттап кетпестей өрескел бұзушылықтары болмаса қабыл алып, оң шешімін қояды деген сеніммен өзіңізге, командаңызға жүгінгелі отырған мәселелерімді бастайын. Саналы түрде толыққанда қалыптасқан, әлем терезесімен тең келетін жастарды тәрбиелеп, білім беру жолында функционалды сауатты педагогтар дайындай алмай тұрып, логикасы дамыған келешек ұрпақ шығара алмайтынымызды да алға тарта келе ұсыныстарымның маңыздылығын еске сала келе оң шешім табады деп сенемін. Менің ұсыныстарым педагогикалық саланың келешек ұрпақтың жеңісін әлем аренасында елімздің қарыштап дамуы үшін «Не жасаймыз? Қалай жасаймыз? Оны не үшін жасаймыз?» сынды Синек метафорасы мен Эйзенхаур матрицасынша уақытты тиімді пайдалануды қолдануымыз қажет деп есептеймін. Төмендегі ұсыныстарымды тізбектеп атап өтемін: Жүйелі жоспарлау, уақытты тиімді пайдалану, оны сапалы түрде жасау оң нәтиже береді.

1. Аттесттаттау (педагогикалық санаттар беру) жүйесіздігі туралы.

1.1. Қанша адамның көкейіндегі мәселе білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарларының айлық жалақысының мұғалімдерге қарағанда әлдеқайда қалыс қалғаны, ретімен өсірудің жолдарын шұғыл қарауыңызды сұраймын;

Көңілі, әлеуеті, қалыптаспаған басшыдан не күтеміз?

1.2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31490 болып тіркелді бұйрығына байланысты. (бұрық көшірмесі)

Директорлар мен орынбасарлар отбасылық жағдайына орай келесі жұмыс орнына ауысса болды бұған дейінгі мысалы 5,10,18,20 жылғы атқарған басшылық еңбек өілі есептелмей соңғы жұмыс орынында қабылданған мерзімімен тағы да өзінің білікті басшы немесе басшы екенін дәлелдеп қана 3 жыл қызмет атқарып соң өзін аттестаттауға ұсына алады. Мұны дұрыс емес деп есептеймін. (Неге олар опық жеуі керек. Өзгерістің осы тұсы орны толмас қателік, өзгерісті шұғыл қозғалтуды, өрескел қателік екені тайға таңба басқандай көрініп тұр, өзгертуді сұранамын, шешімін күтемін.

Өзіңнің еселі еңбегің ешкімге керек болмауы мүмкін, өз өмірің өзіңе қызық. Алайда бұл өзгеріске келісе алмаймын.

1.3. Сонымен қатар аттестаттауға мектеп директорлары да педагогтар да мерзімі жеткенде тест тапсырмай-ақ, бұрыңғыша портфолиомен-ақ аттестаттала бергені абзал. Ал мерзімінен бұрын категориямды көтеремін деушілерге тест болғанына келісемін. (Егер басшыларға тест болатын болса директорлар мен қоса зам директорларға да тес қойылсын. Директорды ерекшелеп алып жерге тыға беру неге? Кімге? Қажет. Бір қарын майды бір құмалақ шірітедінің керін кимей өңір, облысты бөліп заң шығару да крек-ау деп ойланып отырмын)

Сапалы білім, саналы тәрбиемен айналысушы педагогтарды қанай беру, психологиялық қысым жасай беру қаншалықты дұрыс деп есептейсіздер. Нәтиже көрсету үшін алаңдап тест тапсырамын ба? портфолио жинаймын ба? - деп жүріп нендей нәрселер болып жатыр...

Педагогтарды да кейінгі қосылған басшылар мен орынбасарлар аттестациясын да бұрыңғы дәстүрлі оқу барысындағы жүйе бойынша мерзімді портфолиомен аттестатау ал мерзімінен бұрын қалаушыларды тестілеу мен қоса портфолиомен аттестаттау дұрыс деп есептеймін.

Ол кездегі бұйрық шығарған қызметкерлер де аттестаттауды зерттеп таразыға салып сол жүйені 7 рет өлшеп, 1 рет кескен болар деп санаймын.

Мұғалімдерді езе беру неге, кімге керек?

Сапалы білім алынуы үшін сапалы жағдай жасалғаны да назарда ұсталғаны ғажап іс болар еді. Осы мәселенің де оң шешімін табуы үшін аттестаттауға шұғыл өзгерістер енгізу керек деп есептеймін. Педагогикалық саланың оның ішінде мектептің жұмысының жауапкершілігі мол қызмет екенін баршаңыз білесіз.

2. ШЖМ-і мен ауыл мектептері жайлы.

2.1. ШЖМ -дің оқушы санына қарамай әр сыныпты оқушылар өз сыныбында оқымаса ауылда бала қалмайды. Ата-аналар баласының толыққанды білім алуын қалайды. Ауылда, шалғайда тұрғаны үшін өздерін төмен санауы, психологиясының өзгеруіне әкеліп соғады. Дамыған алпауыт елдерде 1 оқушы бір ауылда бір мектепте бір директор бір зам директор және әртүрлі пән мұғалімдерінен білім алып сол елдің дамуы үшін мол еңбек сіңірген жәйттар бар. Оны мен адами құндылықтың биіктігі дамыған ел деп есептеймін.

2.2. Мұғалім оқушылар аз болғаны үшін бір 45 минутта екі сыныпты бір 45 минутта игеріп шығуына туралы келеді. Одан нендей сапа күтеміз?

2.3. ШЖМ –де бір сыныпта бір оқушы болуы мүмкін. Бірақ оның да өзіндік жауапкершілігі, еңбегі, салмағы, психикалық, физиологиялық дамуы бар... Оны ШЖМ-де жұмыс жасайтындар біледі. Мен де бастапқы ШЖМ-ке басшылыққа келгендегі ойымды өзгерттім. Солар жүрген сүрлеуді мен де кешіп отырмын.

Ең әуелі талап ету үшін жағдай жасалғаны дұрыс деп тағы да қайта айтамын. Өтінішім менің қара басымның немесе менің қызмет атқаратын ғана ШЖМ-тің емес Қазақстандағы барлық шалғайда орналасқан ШЖМ-дің ахуалы екенін дәлелмен айтып отырмын.

3. 548 бұйрық. Жас мамандардың жұмысқа орналасуы өте ауырлап кеткен. Мықты мамандар ешқашан жұмысқа орналаса алмай көңілдері қалып басқа салаларға кетіп жатыр. Ерекшелік, өзгеріс керек-ақ! жас мамандардың жұмысқа тұрудағы басты мәселелердің бірі жастардың еңбек өтілімі бар педагогтармен бәсекеге яғни конкурсқа түсе алмайды. Себебі баллдарында айырмашылығы баршылық.

4. 348 бұйрық. 2024 жылдан бастап бір сыныпта 24 оқушыдан көп болған жағдадйда қалалық және ауыл мектептерінде бөліп оқыту қарастырылған. Бірақ шындығында ауылдық жерлерде бір сыныпта 24 оқушының болуы өте сирек тіпті жоқтың қасы. Еліміздің ауыл мектептерінің бір сыныпта отырған оқушылардың саны 90 % да 24 балаға жетпейді. Осы мәселе бұрынғыша 20 баламен қалса игі іс болар еді.

5. Мектептегі тәрбие саласындағы сынып жетекшіліктің жұмысын штаттық бірлікке ауыстырса, 2 немесе 3 сыныпқа бір сынып жетекші бекітіп ол маман тек қана тәрбиемен айналасытын маман болып, жалақысы да ұстаздармен теңестірілсе нәтиже болары сөзсіз. Мұғалім біліммен айналысса нәтиже болады. ал сынып жетекшісі өз міндеті бойынша әр пән мұғалімі мен оқушының арасы, ата-аналарымен арасындағы барлық жағдайды зерделеп дер кезінде баланың дамуына ықпал жасаушы күш болар еді деп есептеймін.

6. БЖБ, ТЖБ мәселесін бір ретке келтіру туралы; өзіндік қалыпты реттілігімен жұмыстануды жолға қойылса деген ұсыныстармен кезегімді менен басқа әріптестеріме бердім.

Ал Құрметті оқырмандарым менің айтарым көп, алайда мен сияқты барлық өңірлерден келген ұстаздар да баршылық. Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы бәрін аяғына дейін ден қойып тыңдап, қырағылық танытып, Республиканың барлық аймақтарынан келген ұстаздарға жауап берді.

Ең әуелі айтарым жаңа оқу бағдарламасының ұстанымымен Сіздікі дұрыс емес деп ешкімнің жағасынан ешкім алу болған жоқ, ұсыныстарын да астарлап Ел педагогтарына жеткізді. Мұқият тыңдап, біршама мәселелерге де тоқталды. Кейбір мәселелерге шешім айтып та үлгерді. Ал кейбір ортаға салынып, талқыланатын салмақты дүниелерге арнайы өз командасымен жұмыстанатынын да атап өтті.

Осы кезекті кездесудегі басым бағыт ШЖМ-ке, ауыл мектептеріне ауғаны көрінді. Барлық әріптестеріме де жауаптарын барынша таразылап, асықпай ойланып өзінің тұшымды жауаптырын беріп, маған ерекше ықыласын білдіріп, мамыр айындағы ауыл мектептері, шағын жинақты мектеп мәселелері бойынша тағы да кездесуге шақыратынын атап өтті.

Төбем көкке тиер, тиместей балаша қуанып, мәз мейрам, үлкен жүректі, халықтың үнін егер ол шын мәнінде өзекті мәселелер, сауатты мәселелер болса ол үшін арнайы уақыт бөліп, өз командасымен жұмыстанып жатқанын да атап өтті.

Ауыл мұғалімдерінің шет елдерде тәжірибеден өтуі, ауыл мектептері мен қала мектептерінің олимпиада, ғылыми жоба т.б. сайыстарының бөлек өткізіліп, бөлек бағаланатыны туралы да жұмысты бастап қойғанын жаңалық ретінде айтып ерекше мән беріп, отырғанын атап өтті.

Құрметті әріптестер марқұм Бейсен Құранбек бауырымыз жүргізген «Айтуға оңай» ток шоуындағыдай барлығы әрине айтуға оңай, алайда оны алып бару, жүкті арқалау қиынның-қиыны екені баршаңызға аян болса керек. Қадірлі ұстаздар қауымы сөзімнің соңында айтарым. Балаңды тәрбиелеу үшін оны ұрсудың, ұрудың, т.б. қорқытудың ешқандай қажеті жоқ. Өзіңді тәрбиеле, өзіңді тәрбиеде, өзіңді тәрбиеле дегім келеді.

Мұны неге айтып отырмын?

Педагогтар өз мәртебесін өзі көтереді.

Қалай?

Жауабын өздеріңізден күтемін!

Қарымды әңгімем осымен тәмам.

Ойыңды жинақтау, оны жүзеге асырудан бұрын жеткізу де қанша сыншылар, қырағы көздер отырған желінің арғы бетінде отырсаң да шын жүректен атқаруға ұмтылған істеріңе басқан қадамыңды да қалай басып отырмын деп ойланудан тұрады екен. Ал ойы бар адамнан кеудеде жаны бар мықты маман шығады. Ал ол мықты маман әлемді тәрбиелейді. Баршыңызға сондай ұрпақ нәсіп етсін.

Егер де кемшілік, артық кетуге басқан жазған қателіктерім болса сырт көздің сынына дайынмын. Алайда қара басымның қамы жоқ екенін ескертемін. Өзгені бағлай алу үшін өзіңді бағлауды үйрен. Жаман деген адамымыңның жақсы қырын көре біл демекші өзімді сөгуге жол бермеймін. Ұсыныстар болса өзімнің қателіктерімді жөндеймін.

Назарларыңызға рақмет.

(Әзірге жан-жақтан түскен хабарламаларға жауабым, осы алдағы уақыттарда ойымды жинақтап сондағы қозғалған жәйттер туралы тағы да тарқатып бөлісетін боламын.)

Құрметпен әр пендеге тек қана анасының сүті, әкесінің қанымен берілген қасиеті тек қана жақсылық пен молшылық, ұзақ ғұмыр тілеуші қарапайым жан: Сапаров Жандос Сұлтанбайұлы

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст